Оқиға орнында болған 89 адам қазір ем алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, біреуінің халы нашар. Үкімет олардың емі үшін бюджеттен 150 мың рубль бөлді. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Atameken Business.
Бұл зауытта жылдар бойы жарылғыш зат жасалып келген. Өрт болғанда тротил жарылған. Дүмпудің қатты болғаны сонша, радиусы 3 шақырымға дейін жетіп, маңайдағы ғимараттардың терезелері сынған. Жалпы саны 450 ғимарат бүлінді. Оның 31-і мектеп, 70-і балабақша.
Дәл осындай жағдай өткен айда да болған, бірақ ол кезде тілсіз жау дереу ауыздықталып, жұмысшылар зардап шекпеген еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу