"Ресейде жасалған көлік сатамын": Алматыда алаяқ ұсталды

466

Ол сату сайттарында Ресейде жасалған көліктерді сатып алу туралы хабарландырулар орналастырған.

"Ресейде жасалған көлік сатамын": Алматыда алаяқ ұсталды Фото: polisia.kz

Алматы полициясы интернет арқылы алаяқтық жасаған 29 жастағы ер адамды анықтады.

Полиция қызметкерлері анықтағандай, 29 жастағы О.есімді азамат алаяқтық жолмен жәбірленушілерді алдап, ақшасын алған. Ол сату сайттарында Ресейде жасалған көліктерді сатып алу туралы хабарландырулар орналастырған.

"Бір қызығы, сатушылар “сатып алушының” тауардың ақшасын сәл кейінірек толық төлеуге уәде берген сөзіне сенген. Осы уақытта, іскер азамат, көлікті тұтастай немесе бөлшектеп арзандатылған бағамен қайта сатып үлгерген. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеде осындай алты дерек тіркелді. Басқа эпизодтарды жоққа шығармаймыз. Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу