Камчаткада 7,1 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан Шивелуч жанартауы атқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жерасты дүмпуі Тынық мұхитында, Камчатканың оңтүстік-шығыс жағалауында тіркелді. Петропавл-Камчатский және Вилюйск қалалық округтерінде және Елизовский және Усть-Камчатск аудандарында жер сілкінісінің күші 7 балға дейін сезілді. Қазір жер сілкінісінен болған шығындар есептеліп жатыр.
Күшті жер сілкінісінің салдарынан Шивелуч жанартауы атқылады. Жанартаутану және сейсмология институтының мәліметінше, Шивелуч жанартауынан теңіз деңгейінен 9 шақырым биіктікке күл атқылады. Күл түріндегі бұлт жолдарды жауып қалды.
Авиация үшін қызыл код жарияланды. Әзірге жақын маңда үшу қауіпті.