Ресейде Airbus A321 жолаушылар ұшағы егістік алқабына қонуға мәжбүр болды. Апатты жағдайға қозғалтқыштарға құстардың кіріп кетуі себеп, деп хабарлайды Atameken Business.
Аталмыш ұшақ Жуковский қаласынан Симферопольге ұшып шыққан.
Көрші елдің төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Ю6178 рейсінің экипажы мен жолаушылары зардап шекпеген. Тек екі адам жеңіл жарақаттармен дәрігер көмегіне жүгінген.
Ural Airlines компаниясына тиесілі бұл ұшақ бортында 234 адам болыпты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу