Ресейдің Мәскеу облысындағы Новоселки ауылында жүк көлігінің кабинасынан Қазақстаннан келген үш адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Мәскеу облысы бойынша тергеу комитетінің бас тергеу басқармасынан хабарланды, деп жазады sputniknews.kz.
24 ақпан күні таңертең қойма аумағындағы тұраққа қойылған көліктен табылған мәйіттерден зорлықпен өлтіру белгілері анықталмаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, фура Чехов ауданына Қазақстаннан жүк тиеу үшін барған.
"Фураның кабинасынан газ жанарғысы табылды, олар оны түнде жылыну үшін пайдаланған. Ер адамдар газдан уланып қалса керек, алайда өлімнің нақты себебі сараптама нәтижесінен кейін белгілі болады", — деп жазылған хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу