Ресейде жұмыс істеп келген БҚО-ның 5 тұрғынынан коронавирус анықталды

1039

БҚО-да инфекцияға шалдыққандар саны 39-ға жетіп, олардың екеуі жазылып шықты.

Ресейде жұмыс істеп келген БҚО-ның 5 тұрғынынан коронавирус анықталды

Батыс Қазақстан облысында тағы алты тұрғынның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 18 сәуір сағат 09.30-дағы соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда коронавируске шалдыққандар саны 1591-ге жетті. Оның ішінде Батыс Қазақстанда жаңадан 6 жағдай тіркелді.

БҚО-ның шұғыл штабынан түскен ақпаратқа қарағанда, науқастардың барлығы – облыс тұрғындары.

Бірі – Орал қаласының 33 жастағы тұрғыны. Коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғандықтан бұған дейін карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

Қалған бес адам – Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істейтін облыс тұрғындары.

Ресейдің Саратов облысымен шектесетін "Тасқала" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекеттен өткен кезде олардың екеуінен дене қызуының көтерілуі байқалғандықтан, жедел жәрдем шақырылып, провизорлық стационарға жатқызылған. Қалған үшеуі карантиндік стационарға жеткізілген болатын.

"Ауру анықталған соң алтауы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Қазір жағдайлары қанағаттанарлық. Науқастармен қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауға алынып, ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді", – делінген ақпаратта.

Осылайша БҚО-да инфекцияға шалдыққандар саны 39-ға жетіп, олардың екеуі жазылып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу