Ресейдегі Алтай қазақтары Павлодарда емтихансыз, тегін оқитын болады. Бұл жөнінде Алтай өлкесіндегі Қазақ тілі мен мәдениеті орталығы және Павлодар педагогикалық университетінің кездесуінде айтылды, деп жазады inbusiness.kz "Отандастар қорына"
сілтеме жасап.
Университет проректоры Бауыржан Есенгелдин бастаған бір топ делегация Алтайдағы жергілікті қазақтармен кездесті.
Алтайдағы қандас жастарға Павлодар педагогикалық университетіне емтихансыз түсуге және тегін оқу үшін арнайы гранттар берілмек.
Бүгінде алғашқы қадам ретінде 3 грант бөлінді. Болашақта оның санын арттыру жоспарланып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу