Ресейдегі апатқа ұшыраған ұшақта Қазақстан азаматы жоқ - ҚР СІМ

672

Ресейдегі апатқа ұшыраған ұшақта Қазақстан азаматы жоқ - ҚР СІМ

Ресейде ұшақ апатынан қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы жоқ. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Ресейдің Мәскеу облысында апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағында болған жолаушылар арасында Қазақстан азаматы жоқ. Ресейдегі біздің дипломаттар жергілікті қызметтермен үздіксіз байланысып отыр және жағдайды бақылауды жалғастыруда", - деп жазады Жайнақов.

Еске сала кетсек, кеше Мәскеудің Домодедово әуежайынан Орск қаласына бағыт алған Ан-148 жолаушылар ұшағы 10 минутқа жетпей радардан жоғалып кеткен.

"Саратов әуе желілері" компаниясына тиесілі ұшақтың бортында экипаж мүшелерімен қосқанда 71 адам болған. Анықталғандай, ұшақ апатқа ұшырап, олардың ешбірі аман қалмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу