Ресейдегі бағдарлама Қазақстандағы хоккей мектептеріне енгізіледі

674

Астанада Қазақстан мен Ресей хоккей федерацияларының басшылары кездесті.

Ресейдегі бағдарлама Қазақстандағы хоккей мектептеріне енгізіледі

Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының президенті Асқар Мәмин Астанада Ресей ұлттық құрамасы штабының басшысы әрі Ресей хоккей федерациясының вице-президенті Роман Ротенбергпен кездесті. Бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Тараптар әріптестік туралы меморандум аясында белсенді жұмыс жүргізіп, тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. 

Сондай-ақ, федерацияның халықаралық қарым-қатынасы пен ойыншылардың лигаларға ауысуын реттеу сұрақтары да жауапсыз қалмады. 

Кездесу соңында Ресейде хоккейді дамытуға арналған "Красная машина" бағдарламасын Қазақстандағы хоккей мектептеріне енгізу туралы шешім қабылданды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу