Ресейдегі індетке байланысты Қазақстанда барлық малға екпе салынады

120

Көрші елде эпизотиялық жағдай күрделі болып тұр.

Ресейдегі індетке байланысты Қазақстанда барлық малға екпе салынады Фото: Артем Изофатов

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ресейде жануарлар арасында тараған қауіпті ауруға қатысты пікір білдірді. Осы жағдайға байланысты Қазақстанның шекаралас аймақтарында ветеринариялық қауіпсіздік шаралары күшейтілгені белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Өткен аптада Ауыл шаруашылығы министрлігі қажетті препараттарды шұғыл сатып алу туралы қаулы қабылдаған.

"Барлық мал толық вакцинациядан өтеді. Ветеринариялық қорғаныс күшейтілді, әсіресе бұл шекаралас аймақтарға қатысты. Бүгінгі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Әзірге елде қандай да бір күрделі дерек тіркелген жоқ", – деді вице-премьер.

Ресейде мал арасында пастереллез ауруы өрши түскен. Салдарынан бұл елде эпизотиялық жағдай күрделі болып тұр. Жергілікті БАҚ-тың ақпаратына сүйенсек, қауіпті індет қазірдің өзінде 10 аймақта анықталып отыр. Атап айтқанда, мұндай деректер Новосібір, Омбы, Томск, Свердловск, Самара және Пенза облыстарында, сонымен қатар Байкал өңірінде, Чувашия, Якутия және Алтай республикасында тіркелген. Басылым пастереллез былтырғы жылдың аяғында тарала бастағанын жазады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу