Ресейдегі қазақ жастары Қазақстан тарихынан білімдерін сынға салды

1121

Ресейдегі қазақ жастары Қазақстан тарихынан білімдерін сынға салды

Мәскеуде Ресейде тұратын 14 жастан 24 жас аралығындағы отандастарымыздың арасында қазақ тілі, мәдениеті және Қазақстан тарихынан олимпиада мәресіне жетті. Бұл туралы Қазақстанның РФ-дағы Елшілігіне сілтеме жасап strategy2050.kz хабарлайды.

Интеллектуалдық сайысты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын және Қазақстан халықтарының тілдері күнін тойлау аясында Ресей аймақтарында қазақ ұлттық-мәдени бірлестіктерінің қолдауымен ҚР-ның РФ-дағы Елшілігі мен консулдық мекемелері ұйымдастырды.

Елшілікте атап өткендей, олимпиаданың басты мақсаты Ресейдегі қазақ жастарының қазақ тілін үйренуге қызығушылығын арттыру және Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауды қалыптастыру болып табылады.

Мәскеу Мемлекеттік лингвистикалық университетінің (ММЛУ) ғимаратында өткен байқау қатысушыларына жазбаша және ауызша тапсырмалар берілді.

Сайыста тиісті 128 балдың 100-ін жинаған Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің студенті Инесса Куанова жеңімпаз атанды.

Іс-шара "Шабыт" қазақстандық студенттердің этно-музыкалық тобының шағын концертімен аяқталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу