Ресейдегі қазақстандық студенттің өлімі: қылмыстық іс қайта қаралады

1306

Судья осыған дейін жәбірленушілердің шағымын және мемлекеттік айыптауды қанағаттандырып, Муртузали Меджидовты ақтау туралы үкімнің күшін жойған.  

Ресейдегі қазақстандық студенттің өлімі: қылмыстық іс қайта қаралады

Мәскеудегі Никулин соты МГИМО студентін өлтірді деп айып тағылған Муртузали Меджидовтың ісін қайта қарауды бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

2018 жылғы көктемде Муртузали Меджидовке қазақстандық студент Томирис Байсафа өлтірді деген айып тағылған.

"Сот 2022 жылғы 19 қаңтарда Муртузали Меджидовтың ісіне қатысты отырысты Мәскеу уақытымен 11:00-де тағайындады", - деді сот қызметкерлері.

Осыған дейін алқабилер Томирис Байсафаның өліміне қатысы бар деген күдікке ілінген Дағыстанның экс-премьер-министрі Мұхтар Меджидовтың ұлы Муртузали Меджидовқа ақтау үкімін шығарған еді. Алайда Мәскеу қалалық соты бұл үкімнің күшін жойып, қылмыстық істі қайтадан қарауға шешім шығарды.

Ақталғанға дейін Муртузали Меджидов қамауда болған. Алайда сот шешімінен кейін ол бостандыққа шықты.

Айта кетейік, 2021 жазда жазда Никулин сотындағы алқабилер Муртузалидің студент қыздың өліміне кінәлі екені дәлелденбеді деген тұжырыммен ер адамды ақтаған. Олардың тұжырымы негізінде сот ақтау үкімін шығарды.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2018 жылдың сәуірінде болған. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қарым-қатынастар институтында оқыған 21 жастағы қазақстандық студент Томирис Байсафа университеттің төртінші қабатындағы терезеден құлап кеткен еді.

БАҚ мәліметінше, Муртузали мен Томирис кездесіп жүрген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу