Ресейдегі қазақстандықтар уақытша тіркеуден босатылды

1085

Путин жаңа жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Ресейдегі қазақстандықтар уақытша тіркеуден босатылды

"РФ Президенті Владимир Путин "Жаңа коронавирустық инфекцияның (COVID-19) одан әрі таралу қауіпіне байланысты Ресей Федерациясындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайын реттеу жөніндегі уақытша шаралар туралы" өзінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі №274 жарлығына өзгерістер енгізді", - деп жазылған хабарламада. 

Осылайша жарлыққа сәйкес, 2021 жылдың 15 маусымына дейін шетел азаматтарына Ресейге уақытша келгендігі туралы құжаттары уақытын созбаса болады. Сонымен қатар елшілікте бұл жарлық Ресеймен жолаушы көлік қатынасын ретке келтірмеген мемлекет азаматтарына қатысты екенін хабарлады.

"Ресей Қазақстамен жолаушылар әуе қатынасын 2020 жылдың қыркүйегінде қалыпқа келтіре бастады. Соған сәйкес 2020 жылдың 15 наурызы мен 15 желтоқсаны аралығында тіркеу уақыты немесе уақытша келу уақыты өткен Қазақстан азаматтары тағы 90 күн, 2021 жылдың 15 наурызына дейін Ресейде міндетті тіркеусіз жүре алады. Осы кезеңде оларға қатысты айыппұл санкциялары мен депортация алынып тасталды", - деп жазылған хабарламада.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу