Сарапшы: Ресейдегі кейбір телеарналар жалған ақпарат таратуда

5428

Бүгінде елде антитеррорлық операция жүргізіліп жатыр.

Сарапшы: Ресейдегі кейбір телеарналар жалған ақпарат таратуда

Ресейдегі кейбір телеарна "Қазақстанда наразылыққа шыққандарды басып жатыр" деп жалған ақпарат таратып жатыр. Бұл туралы Еуразиялық интеграция институтының директоры Оразғали Сельтеев Atameken Business телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"... Мен бірнеше шетелдік телеарнаға интервью бердім. Оның ішінде "Дождь" телеарнасы да болды. Бірақ олар жалған ақпарат таратып отыр. Осыған дейін мен аталған телеарна таратқан ақпаратқа сенетінмін. Алайда тікелей эфирде тележүргізушіге дауыс көтеріп, сөйлесуіме тура келді... Онда ашық түрде "Қазақстанда наразылыққа шыққандарды басып жатыр" деген жалған ақпарат тарауда. ("Дождь" телеарнасының – автор) тікелей эфирінде мен елде террористердің көзі жойылып жатқанын айттым. Лаңкестер арнайы дайындықтан өткен, әрі қаруланып тәртіпсіздіктер ұйымдастырған. Менің ойымша, олар ("Дождь" телеарнасы – автор) хайп қуып отыр немесе стереотипке салып, ақпаратты дұрыс таратпауда, әрі мәселеге геосаяси факторды да қосқан", – деді саясаттанушы.

Оразғали Сельтеев аталған телеарнаға берген сұхбатында пікірін нақты жеткізгенін, оны әлеуметтік желі қолданушылары қолдағанын атап өтті.

"Телеарнадағы адамдарға пікірімді сенімді түрде жеткізе алдым деген ойдамын. Себебі интернет қосылған кезде Facebook-тен көптеген оқырман хабарласып, тележүргізушінің пікірімен келіспейтінін айтты. Олардың ішінде ресейлік оқырмандар да болды", – деді директор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу