Visa Ресейдегі қызметін тоқтатқандықтан екінші жартыжылдықта оның кірісі шамамен 4%-ға қысқарады, деп хабарлайды inbusiness.kz компанияның мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Компанияның екінші қаржы тоқсанындағы таза кірісі 3,6 миллиард доллар болды. Шығын көлемі – 227 миллион доллар.
"Біздің басты міндетіміз – зардап шеккен әріптестеріміз бен олардың отбасыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біз өңірлердегі адамдармен тығыз байланыстамыз және әріптестерімізге үнемі қолдау көрсетеміз", – деп жазылған құжатта.
Visa ресейлік еншілес компаниядан ажырау үшін 35 миллион доллар, жұмыссыз қалған қызметкерлерді қолдауға 25 миллион доллар жұмсады.
Компанияның қаржы директоры Васант Прабху Ресейдегі жұмыстың тоқтауына қарамастан кіріс көлемі 2022 жылы 20%-ға артуы мүмкін деп топшылап отыр.
Табиғат Нұрболат