Ресейдегі неміс кәсіпкерлерінің көпшілігі Еуроодақ пен ЕАЭО арасында кооперация құруды қалайды

878

Ресейдегі неміс кәсіпкерлерінің көпшілігі Еуроодақ пен ЕАЭО арасында кооперация құруды қалайды

Ресейде жұмыс істейтін неміс кәсіпкерлерінің 75 пайызы ЕО мен ЕАЭО арасында  сыртқы саудада ынтымақтасуды қалайды. Бұл неміс экономикасының шығыс комитеті мен Германия-Ресей сыртқы сауда палатасы жүргізген сауалнамадан белгілі болды, деп хабарлайды РИА Новости.

Сауалнамаға Ресейде 29 млрд еуро көлемінде қаржы айналымы мен 122 мың жұмыскері бар 190 кәсіпорын қатысқан.

"Сауал жолданғандардың 75 пайызы ЕО және ЕАЭО ынтақтастығы аясында сыртқы саудада кооперация құрылғанын қалайды. Мұндай ынтымақтастықтың бизнес тұрғысынан келгенде өзге де маңызды салалары бар – ол  визасыз режим, капиталдың еркін қозғалысы және инфрақұрылымы", – деді неміс экономикасының шығыс комитеті басшысының орынбасары Клаус Шепп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу