Апат салдарынан оқиға орнында екі адам қаза тауып, екі бала зардап шекті, деп хабарлады Псков облысы бойынша ІІМ баспасөз қызметі, деп жазады Inbusiness.kz.
"Бүгін Псков ауданындағы "Солтүстік айналма жолдың " 6-шы шақырымында шетелдік жеңіл көлік пен ауыр жүк көлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы жедел медициналық жәрдем келгенге дейін қаза тауып, ауруханаға екі бала — екі жасар бала мен жеті жасар қыз жеткізілді", — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Балалардың жағдайы ауыр әрі тұрақты деп бағаланды.
Қазіргі уақытта жол полициясының қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс істеуде. Алдын ала ақпарат бойынша, соқтығысудың себебі - жеңіл автокөліктің дөңгелегі сырғанап, көлік қарсы жолаққа шығып кеткен.