Ресейдегі сайлау мерзімі Қырымды қосуға келіскен күнмен сәйкестендірілді

761

Ресейдегі сайлау мерзімі Қырымды қосуға келіскен күнмен сәйкестендірілді

Ресей мемлекеттік думасы келесі жылы өтетін президент сайлауын 2018 жылдың 18 наурызына белгіледі, деп хабарлайды zhasalash.kz.

Ресей заңдары бойынша, президент сайлауы егер жұмыс күні болмаған жағдайда наурыздың екінші жексенбісінде өткізілуі тиіс. Түзету жобасы бойынша, егер екінші жексенбі мейрам күнінің ауыстырылуына байланысты жұмыс күні деп белгіленсе, онда сайлау наурыздың үшінші жексенбісіне шегеріледі.

2018 жылы наурыздың үшінші жексенбісі 18 наурызға түседі. Бақылаушылар "Кремль қазіргі президент Владимир Путинге көбірек дауыс жинау үшін сайлаушылар санын арттырудан үміттеніп, сайлауды 18 наурызда өткізбек" дейді. Себебі Путин 2014 жылы 18 наурызда Қырымды Ресей құрамына қосу туралы келісімге қол қойған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу