Украина шекарасынан мың шақырым қашықтықта жатқан Ресейдегі Пермь аймағына дронмен шабуыл жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.
21 тамыз күні таңертең аумақтық қауіпсіздік министрлігі Пермь өлкесінде әуе шабуылы болғанын хабарлады. Exilenova+ және Astra мониторингтік арналарының мәліметінше, соққы салдарынан "Лукойл-Пермнефтеоргсинтез" мұнай өңдеу зауытында өрт шыққан. Десек те, тиісті ақпарат әлі ресми түрде расталған жоқ.
Пермь өлкесінің губернаторы Дмитрий Махонин 16 ұшқышсыз аппараттың атып түсірілгенін айтты. Шабуыл кезінде бір тұрғын жарықшақ тиіп жараланған.
"Өнеркәсіптік нысандардың бірінде зақымданулар тіркелді. Зардап шеккендер жоқ", – деп жазды губернатор.
Дмитрий Махонин бұл қай кәсіпорынға қатысты екенін нақтыламады. Ал Украина президенті Владимир Зеленский елдің қарулы күштері Пермь қаласындағы МӨЗ-ге соққы бергенін хабарлады. Ол Telegram-арнасында зауыттан көтерілген түтін бейнеленген видеоны жариялады.