Ленинград облысында қазақстандықтар қатысты делінген жанжал тексеріліп жатыр

118

Әлеуметтік желілерде Ресейдегі құрылыс нысандарының бірінде болған жаппай төбелестің видеосы кеңінен таралып, қызу талқыға түсті.   

Ленинград облысында қазақстандықтар қатысты делінген жанжал тексеріліп жатыр Фото: бейнежазбадан

Желі қолданушылары бұл қақтығысқа Қазақстан азаматтары да қатысқан болуы мүмкін екенін айтып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Threads платформасында жарияланған видеодан түнгі уақытта ондаған адамның өзара жанжалдасып жатқанын көруге болады. Кадрлардың бірінде арнайы белгісі бар көлік бірнеше адамды қағып өтпек болған сәт те байқалады. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, оқиға "Велесстрой" компаниясына тиесілі құрылыс алаңында болған.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға байланысты жедел тексеру жұмыстарын бастап, Ресейдің тиісті органдарына ресми сауал жолдады. Қазіргі уақытта Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Ресми дерек бойынша, жанжал 26 наурыз күні Ленинград облысының Усть-Луга кентінде болған. Оқиғаға қатысқандарды Ресейдің құқық қорғау органдары тексеру үшін ұстаған.

СІМ мәліметінше, дипломаттар Қазақстан азаматтарының нақты саны мен құқықтық мәртебесін анықтау үшін Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Ішкі істер органдарымен тұрақты байланыста. Мәселе ведомствоның ерекше бақылауына алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу