Ұлы Отан соғысының біртуар батырлары туралы тарих пен естелікті сақтау үшін армия генералы А.В.Хрулев атындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскери академиясында көрнекті батыр, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының құрметіне орай атаулы аудитория ашылды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Соғыстан кейінгі жылдары Бауыржан Момышұлы бес жыл бойы әскери және жедел өнерді дамытуға сүбелі үлес қоса отырып, академияда сабақ берді. Атаулы аудитория заманауи талаптарға сай келеді. Сыныпта Бауыржан Момышұлының айтқан сөздері жазылған стендтер бар. Қабырғаға ілінген фотосуреттер батырдың бозбала кезінен бастап еңбек сіңірген демалысқа шыққанға дейінгі өмір жолын сипаттайды.
Аталмыш оқу орнын қазіргі таңда ҚР Қарулы Күштері қатарында қызмет етіп жүрген біршама қазақстандық офицер тәмамдаған.