Желтоқсанда Қазақстанға Ресейден 100 мың тонна жанармай жеткізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп жазады egemen.kz.
"Мен Ресейдің энергетика министрімен кездестім. Желтоқанда біздің компанияларға Ресейден 100 мың тонна көлемінде жанармай алу жағын қарастырып жатырмыз. Бұл біздің зауыттар толығымен өз қуатын қайтару үшін жеткілікті болады", — деді Бозымбаев.
Министр қазіргі таңда жанармайдың бағасына қатысы мәселе АИ-92 жанармайын Ресейден алып келуге байланысты болып отырғанын айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу