Ресейден 205 қорап темекіні заңсыз әкелген шетел азаматы ұсталды

472

Тәркіленген тауардың құны 50 млн теңгеден асады

Ресейден 205 қорап темекіні заңсыз әкелген шетел азаматы ұсталды Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ресейден 205 қорап темекіні заңсыз әкеле жатқан шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі  Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

17 мамырда "Қайрақ" автокөлік өткізу пунктінде шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметкерлері шетел азаматы тізгіндеген жүк көлігін тоқтатқан.

Оны тексеру барысында акциздік маркілері мен ілеспе құжаты жоқ 205 қораптағы темекіні анықтады.

Тәркіленген тауардың құны, алдын ала есеп бойынша, 50 млн теңгеден асады.

Заң бұзушы мен анықталған жүк аймақтық экономикалық тергеу департаменті қызметкерлеріне тапсырылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу