Ресейден абердин-ангус тұқымды 5 мың ірі қара жеткізілетін болды

1134

Аграрлық несие корпорациясы ірі қара мал жеткізу туралы келісімге қол қойды.

Ресейден абердин-ангус тұқымды 5 мың ірі қара жеткізілетін болды

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаевтың Мәскеу қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Брянск ет компаниясымен қазақстандық ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне арналған 5 мың (20 мыңға дейін арттыру мүмкіндігімен) бас абердин-ангус асыл тұқымды малдарын жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды "ҚазАгро" холдингінің баспасөз қызметі.

Келісімшарт аясында барлық ветеринарлық-карантиндік және эпизоотиялық-профилактикалық іс-шараларды ескере отырып, ірі қара малды жеткізу туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Сонымен қатар осы келісімнің аясында осы жылдың көктемде AiZet Farms (Ақмола облысы) ет өңдеу зауытымен 1000 бас асыл тұқымды мал жеткізуге арналған, сондай-ақ "МТС "Жайма" ЖШС (Павлодар облысы) Аграрлық несие копорациясының қарыз алушыларына арналған 5 мың ірі қара мал басын осы жазда  жеткізу бойынша оператормен келісімшартқа қол қойылатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу