Ресейден әкелінген оң жақ рөлді көлік иелеріне қайтпек керек?

2186

Мұндай темір тұлпарларды елімізде 2008 жылдан бері тіркеуге тыйым салынған. 

Ресейден әкелінген оң жақ рөлді көлік иелеріне қайтпек керек?

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов Ресейден әкелінген оң жақ рөлді көліктердің иелеріне не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Спикердің сөзінше мұндай автоларды Қазақстанда 2008 жылдан бері тіркеуге тыйым салынған.

"Біз қандай да бір мүлікті алуда азаматтардың құқықтарын шектей алмаймыз. Бұл оның шешімі. Бірақ сонымен бірге бұл мүлік Қазақстанда белгіленген тәртіппен тіркелуі керек. Яғни көлік иесі заңды түсінуі тиіс, яғни мәміленің құқықтық салдарында білуі керек. Егер ол Ресей Федерациясынан көлік сатып алып, мәміленің жартысын жасаса және бұрынғы иесі бұл көлік Қазақстанда тіркелетінін меңзесе, ол автоматты түрде Ресей Федерациясында көлікті тіркеуден алып тастайды, оны ұмытып кетеді деуге болады. Бірақ Қазақстан азаматтары оларды Ресей Федерациясының құжаттары мен тіркеу белгілерімен басқарып жүре береді. Ал бұлай істеуге болмайды, өйткені біздің елімізде көлікті тіркеуге қою керек. Заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайды", – деді Серік Түсіпов Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу