Ресейден аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды

129

Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық тергеу изоляторына қамалды.

Ресейден аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды Фото: Караван

Күдікті 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 53 миллион теңге мөлшерде арнайы техниканы, сондай-ақ алаяққа тиесілі емес көлікті 35 миллион теңгеге сатып,  ірі көлеміндегі қаражатты жымқырған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған.

Осы жылдың шілде айында ол Санкт-Петербург қаласында ұсталды.              

Қазақстан Республикасы  Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланды.

Айыпталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу