Ресейден аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы үшін күдікті экстрадицияланды

160

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті халықаралық іздестіруге жарияланды.  

Ресейден аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы үшін күдікті экстрадицияланды Фото: PETERBURG NEWS

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан азаматын аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өткен жылдың маусым айында ол адамдар тобында алдын ала сөз байласып, бірнеше мемлекеттің аумағы арқылы салмағы 60 кг-ға жуық героин мен салмағы 10 кг-нан асатын гашиш контрабандасын ұйымдастырды.

Өткен жылдың тамыз айында ол Мәскеуде ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталып отырған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу