Ресейден бір топ әскери дәрігер келді

681

Қазақстан мен Ресейдің дәрігерлері пандемияға қарсы бірге күреседі.

Ресейден бір топ әскери дәрігер келді

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының әскери клиниклық госпитальдарына COVID-19 жұқтырған пациенттерді емдеуде тәжірибесі бар ресейлік әскери дәрігерлер тобы келді. Топ құрамында анестезиолог-реаниматолог, инфекционист пен терапевтер бар, деп хабарлайды Қорғаныс миистрлігінің баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің бірлескен әрекеті Қазақстан мен Ресей қорғаныс ведомстволары басшыларының әскери-медициналық ынтымақтастық туралы келісімі аясында жүзеге асады. 

Бағдарламада емделушілердің емдеу хаттамаларын зерделеу, әскери дәрігерлердің консультациясымен семинарлар өткізу және инфекциялық ауруларды диагностикалау мен емдеу саласында тәжірибе алмасу көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу