Ресейден бірқатар сүт өнімдерін әкелуге уақытша шектеу қойылды

431

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ресейден бірқатар сүт өнімдерін әкелуге уақытша шектеу қойылды Фото: stroy-etalon.ru

Ресейлік бірқатар кәсіпорынның сүт өнімдерін Қазақстанға әкелуге уақытша шектеу қойылды, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, Ұлттық сараптама орталығы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктер сатып алған 13 түрлі импорттық өндірушілердің сүт өнімдерінің 19 атауының сынамасын санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан өткізген. Нәтижесінде 5 кәсіпорын – "Оңтүстік сүт зауыты" ЖШҚ, "Саратов сүт комбинаты" ЖШС, "А-7 Агро-Орынбор сүт комбинаты" ЖШС, "Энгельский сүт комбинаты" ЖШС және РФ "ВБД" ЖШС өндірген сүт өнімдерінің май-қышқыл құрамы бойынша сәйкессіздіктер анықталып отыр.

"Шекарада күшейтілген зертханалық бақылау жүргізу шеңберінде "Саратов сүт комбинаты" ЖШҚ (РФ) өндірген майлылығы 3,2% "Добрая буренка" ультрапастерленген сүтіндегі май-қышқыл құрамының сәйкессіздігі қайта анықталды. Осы кәсіпорынның өнімдерін Қазақстан аумағына әкелу уақытша шектелді", - делінген хабарламада.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті анықталған жағдайлар туралы Ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау жөніндегі федералды қызметті (Россельхознадзор) хабардар етті.

Бұдан бөлек санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша Техникалық реттеу және метрология комитеті сүт өнімдеріне сәйкестік туралы 42 декларацияның қолданысының күшін жойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу