Ресейден елімізге ақша аударымдары айтарлықтай азайды

272

Қазақстан аударымдарындағы көрші елдің үлесі 1,5 жылда ең төменгі деңгейге дейін азайған.  

Ресейден елімізге ақша аударымдары айтарлықтай азайды Фото: Bluescreen.kz

Биылғы қыркүйек айында елімізге шетелден халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы 24,4 млрд теңге жіберілді. Ресейдің үлесіне 6,9 млрд теңгеден астамы тиесілі (28%). ҚР Ұлттық Банкінің мәліметінше, бұл өткен жылдың наурыз айынан бергі ең төменгі көрсеткіш, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасына сілтеме жасап.

"Барлық елден келген түсімдердің жалпы сомасы тамыз айына қарағанда айтарлықтай жоғары болды. Алайда 2022 жылдың қыркүйегіне қарай күрт төмендеді", - деп жазады DATA HUB.

Ресейден бөлек Өзбекстаннан (былтырға қарағанда 52%-ға аз) және Қырғызстаннан (-90%) елге қаражат көп аударылды.

Қазақстаннан жіберілген қаржыға келсек, оның мөлшері өткен айға және 2022 жылдың қыркүйегіне қарағанда қатты өзгермеген. Жылдық динамикада Грузияға жіберілген ақша көлемі елеулі өскен: +79%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу