Ресейден елімізге ақша аударымдарының көлемі 1,5 есеге өскен

573

Осы жылдың мамыр-маусым айларының қорытындысы бойынша Ресейден Қазақстанға ақша аударымдарының көлемі 1,5 есеге өскен, деп жазады inbusiness.kz "Коммерсантъ"-қа сілтеме жасап.

Ресейден елімізге ақша аударымдарының көлемі 1,5 есеге өскен

Осылайша, $140 млн-ды немесе жеке тұлғалардан елге түсетін барлық түсімдердің 73%-ын құрап отыр. Мамыр айындағы аударымдар көлемі $95 млн (66%) болған. Наурыз айында бұл көрсеткіш төмен болып, бар болғаны $9,5 млн-ды (18%) құраған. 2021 жылдың жаз мезгілінде азаматтар Ресейден Қазақстанға айына $12 млн-ға жуық ақша аударған. Биыл айтарлықтай өсім байқалады.

Ақпаратта көрсетілгендей, сарапшылар ресейліктердің шетелдік шоттарға қаражат жіберу үрдісін бірқатар факторлармен байланыстырады. Оған шетелде ашылған халықаралық төлем жүйелерінің карталарын (MPS) толтыру, ресейлік банк шоттарынан валютаны комиссиясыз шығару, сонымен қатар параллель импортқа қатысу жатады.

Қазақстаннан бөлек ресейліктер Армения, Қырғызстан, Грузияға да ақша аударымдарын жасаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу