Комитеттің ресми сайтында күдікті топты ұстау сәтінен видео жарияланды.
"2020 жылғы 27 ақпанда ҚР ҰҚК "А" арнайы мақсаттағы қызметі мен Полиция департаментінің "Арлан" арнайы бөлімшесінің күштері трансұлттық қылмыстық топқа қатысушылар ұстады. Көпкезеңді жедел зерттеу барысында ұлттық қауіпсіздік органдары қару контрабандасын ұйымдастырушылардан барлығы 11 "Макаров" пистолетін және оларға 1300-ден аса патрон алды", – делінген ресми мәліметте.
Қазір осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүріп жатқан көрінеді. Ұсталғандар кінәсі дәлденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.