Ресейден Қазақстанға ақша аударымдарының көлемі күрт артты

900

Украинада жағдай басталғаннан кейін Ресейден Қазақстанға ақша аудару жүйесі арқылы транзакциялар көлемі күрт өсті, деп жазды inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап.

Ресейден Қазақстанға ақша аударымдарының көлемі күрт артты

Мәселен, 2022 жылдың мамыр айында ғана Ресейден Қазақстанға 45,6 млрд теңге жіберілген. Бұл былтырғы 12 айдың көрсеткішінен сәл аз. 2021 жылы Ресейден 53 млрд теңгеге аударылды.

2022 жылдың I тоқсанында әлемнің барлық елдерінен Қазақстанға ақша аудару жүйесі арқылы 57,2 млрд теңгенің транзакциялары орындалған.

"Ресейден келген трансферттердің көлемі керісінше іргелес көршіге аударылған сомадан 2,5 есе көп болды. Мұндай жағдай ешқашан болған емес", – деп жазылған бюроның сараптамалық арнасында.

Айта кететіні, аударымдардың орташа мөлшерінің күрт өсуі байқалады. Сәуірдегі 219,3 мың теңгенің орнына мамыр айында 480 мың теңгені құрады. Осылайша аударымдардың орташа сомасы шамамен 2,2 есеге өсті. 

Ақша аудару жүйесі – санкциялар шырмауында қалған елдерге ақша жіберудің бір жолы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу