Ресейден Қазақстанға бет алған электр пойызынан өрт шықты

99

Ресейлік Петуховтан Петропавлға бағыт алған жолаушылар электр пойызынан өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ресейден Қазақстанға бет алған электр пойызынан өрт шықты Фото: freepik.com

ТАСС дерегінше, вагондағы 35 жолаушының ешқайсы зардап шеккен жоқ.

"Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы Кондратовка станциясында РФ Петухово – Петропавл бағытындағы жолаушылар электр пойызының астынан түтін шықты. Пойызда 35 адам болды, дер кезінде жасалған іс-шараның арқасында түтін вагондарға таралмады. Өрттің себебі – вагондардың біріндегі доңғалақ қозғалтқышының жануы",  деді ТЖМ баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, адамдарды эвакуациялауға қажеттілік тумады. Қозғалтқыш бірден салқындатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу