Ресейден Қазақстанға құс етін импорттауға шектеу енгізілді

639

Ресейдің Орел, Ростов және Нижегород облыстарында жоғары патогенді құс тұмауы вирусының жаңа ауруы тіркелді.

Ресейден Қазақстанға құс етін импорттауға шектеу енгізілді

Ресейдің бірқатар өңірлерінен Қазақстанға құс еті пен жұмыртқа тасымалдауға шектеу енгізілді. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ресейдің Орел, Ростов және Нижегород облыстарында жоғары патогенді құс тұмауы вирусының жаңа ауруының тіркелуіне байланысты осындай шешім жасады.

"Қазақстанның аумағына тірі құсты, инкубациялық жұмыртқаны, қауырсын мен мамықты, құс еті мен құс өнімдерінің барлық түрлерін, сондай-ақ термиялық өңдеуден өтпеген (кемінде 70°C), құстарға арналған азық қоспалары, таксидермиялық өңдеуден өтпеген аң аулау олжаларын (қанатты құс) импорттауға уақытша шектеулер қойылды", - делінген министрлік мәліметінде.

Мұнымен қоса, Ресей Федерациясының аталған аймақтарынан құстарды союда және бөлшектеуде қолданыста болған құрал-жабдықтарды пайдалануға да тиісті шектеулер енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу