Ресейден Қазақстанға заңсыз әкеліне жатқан балық пен құстың 20 тонна азығы әшкереленді

943

Ресейден Қазақстанға заңсыз әкеліне жатқан балық пен құстың 20 тонна азығы әшкереленді

Ресейдің ауыл шаруашылығы өнімдерін қадағалаушы органы балық пен құсқа құнарлы азық болып табылатын шаян тектес жәндіктің Ресейден Қазақстанға заңсыз әкеліне жатқан 20 тоннасын тәркіледі.
Омбы облысының ФҚҚ шекара басқармасының ақпараты бойынша, көліктің жартылай ашық тіркемесін тексеру барысында одан  артимия цистасы толы полипропилен қаптар табылды.

Тасымалдаушы ұсынған ветеринарлық құжатта ЕАЭО заңының ережелері ескерілмегендіктен, заңсыз деп танылған.
Аталған тауар Ресей аумағынан шығарылған жоқ, ал заң бұзушы әкімшілік жауапқа тартылды.
Артимия шаянының жұмыртқасы аквариумдық, өнеркәсіптік балықтардың (бекіре, тұқы, алабалық, арқан балық және т.б.) азығы болып табылады. Жәндік тектестерге жататын өнім Сібірдің экологиялық таза тұзды көлдерінен ауланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу