Ресейден Қазақстанға заңсыз ұшақ алып өтпек болғандар ұсталды

512

Тасымалдаушы әуе техникасын Ресейден рұқсат құжаттарынсыз шығаруға тырысқан, деп жазады inbusiness.kz Сібір кеден басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ресейден Қазақстанға заңсыз ұшақ алып өтпек болғандар ұсталды Фото: Сібір кеден басқармасы

Ақпаратқа сәйкес, кеденнің мобильді тобы Ольховка өткізу пункті аймағында фургонды тексеруге тоқтатқанда заң бұзушылықты анықтаған. 

"Кеденшілер тіркемеде ресейлік шағын авиациялық әуе кемесін анықтады. Павлодарға жеткізуді жоспарлаған ұшақ салмағы 300 келі, ал құны 3,4 миллион рубльді құрады. Тасымалдаушы тауарды әкету үшін қажетті құжаттарды кеденшілерге көрсете алмаған", - делінген хабарламада.

Анықталған бұзушылыққа байланысты ұшақты әкетуге тыйым салынды. Тауары бар көлік Ресей Федерациясына қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу