Ресейден Қазақстанға жіберілген ақша аударымы 24 пайызға азайған

550

Биыл қаңтар-мамырда қазақстандықтар мен ел қонақтары халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы шетелге 349,2 млрд теңге аударды. 

Ресейден Қазақстанға жіберілген ақша аударымы 24 пайызға азайған Фото: spik.kz

Бұл былтырғы сәйкес кезеңге қарағанда 10,8%-ға аз. Шетелден елімізге 137,6 млрд теңге ақша жіберілді, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, мамырда шетелге 90 млрд теңге жөнелтілген, бұл алдыңғы айға қарағанда 17,7%-ға артық. 

“Алайда 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда 8,5%-ға аз. Биылғы мамырда ақша аудару жүйесі арқылы шетелден 28 млрд теңге түсті. Биылғы сәуірге қарағанда бұл 6,5%-ға артық, өткен жылдың мамырымен салыстырғанда 2,5 есе аз”, - делінген хабарламада.

2023 жылдың қаңтар–мамырында Қазақстаннан ақша аударылған елдердің ішінде Түркия бірінші орында тұр (89,5 млрд теңге). Үштік қатарында Ресей (89 млрд теңге) және Өзбекстан (81,5 млрд теңге) бар.

Бұдан бөлек Грузия (36,7 млрд теңге), Қытай (11,3 млрд теңге) және Қырғызстанға (10,8 млрд теңге) да айтарлықтай қаржы жөнелтілген.

Ақша аудару жүйесі арқылы Қазақстанға ақша аударған елдер арасында Ресей көш бастағанымен (54,9 млрд теңге), былтырғыға қарағанда бұл көрсеткіш 24,1%-ға азайды. Бұдан басқа Өзбекстан (14,7 млрд теңге), Оңтүстік Корея (13,9 млрд теңге) және АҚШ-тан (13,9 млрд теңге) да елімізге ақша аударымдары түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу