Ресейден келетін жүк көліктері неге көбейді?

"Құрманғазы" бекетінде ұзын-сонар кезек туындағаны байқалады.  

Ресейден келетін жүк көліктері неге көбейді? Фото: AP

Тіпті, кейбірінің шекарадан өте алмай қаққан қазықтай сіресіп тұрғанына 2-3 күн болған.

Мамандар жол қозғалысының шамадан тыс көбеюінің өзіндік себебі бар деп отыр, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Атырау облысының Ресей Федерациясымен шекарадағы "Құрманғазы" бекетінде жүк көліктерінің кептелісі өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артқан.

"Екі ел шекарасындағы "Құрманғазы" автомобиль өткізу бекетіндегі көлік кептелісі "Атырау-Астрахан" тас жолымен қатынайтын жүк көліктерінің көбеюінен туындаған. Өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда биыл шекарадан өткен көлік саны 30 пайызға артқан. Ал, соңғы бір аптадағы көлік ағыны 6 пайызға көбейген. Мұны мамандар "Атырау-Астрахан" тас жолын жаңғырту жұмысының аяқталуымен байланысты болып отыр", - деп хабарлады Атырау өңірлік коммуникациялар қызметінің орталығы.

Тиісінше, Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, осы жылдың 9 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль өткізу бекеттері арқылы шығуды жоспарлаған жүк тасымалдаушылар "CarGoRuqsat" электрондық кезек жүйесі арқылы талон алуы тиіс. Электронды кезек жүйесі "Құрманғазы" бекетінде де бар. Көлік жүргізушілері жүйенің 18 талабына сәйкес болуы шарт. Онда салық, айыппұл мен ақылы жолдан өткені үшін қарыздың жоқтығын, халықаралық тасымалдауға рұқсат қағазы (КАТ), сақтандыру полисі, кедендік рәсімдеуден және техникалық байқаудан өткенін растайтын құжаттар бар. Мамандар кедендік бақылаудағы жұмысты жандандыру үшін жұмыс істейтін мамандардың саны 10-нан 13-ке жеткенін айтып отыр.

Өткізу бекетіндегі кәсіпкерлікке қатысты барлық процес интернет арқылы жүзеге асырылуда. Төлемдерді онлайн жасауға да рұқсат. Десе де, бекет маңында ешқандай банк бөлімшесі мен ақша айырбастайтын орындар болмай тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу