Ресейден Қазақстанға 15 дизель қозғалтқышы заңсыз жеткізілмек болған

619

Олар Қазақстанға рұқсатсыз құны 25,5 миллион рубль болатын дизельді қозғалтқыштарды экспорттамақ болған. 

Ресейден Қазақстанға 15 дизель қозғалтқышы заңсыз жеткізілмек болған Фото: ТК «ФТС России | ProТаможню»

Саратов кеденшілері жаяу әскерлердің жауынгерлік машиналарына (ЖҚҚ) арналған дизельдік қозғалтқыштарды Қазақстанға заңсыз әкетудің алдын алды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Ресейдің Федералдық кеден қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, Ресейден экспорты шектелген және Ресей Қорғаныс министрлігінің арнайы рұқсатын талап ететін 15 дизельді қозғалтқыш ұсталған.

"Олар Қазақстанға 25,5 миллион рубль тұратын дизельдік қозғалтқыштарды рұқсатсыз алып өтпек болған. Сараптама көрсеткендей, мұндай қозғалтқыштар тек әскери техникада (ЖҚҚ-1, ЖҚҚ-2) қолданылады", — делінген Ресей кеден қызметінде.

Сондай-ақ, кеден қызметі хабарланғандай, жөнелтуші компанияға қатысты әкімшілік іс қозғалды, оған тауарларды тәркілеу және айыппұл салу қаупі төніп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу