"Ресейден келген азаматтарға жеке жағдай жасалмайды"

620

Мигранттардың еңбекке араласуы мен орналасуы министрлік шеңберінде бақылана ма? Ол процесс қалай жүріп жатыр?  

"Ресейден келген азаматтарға жеке жағдай жасалмайды"

Бұл сұрақтарға Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Олжас Ордабаев жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Ресейден келген азаматтарға жеке жағдай жасалмайды. Қазіргі кезде Ресейден келген 7 мың адам Қазақстанда жұмыс істеймін деп келген. Бұл біздің еңбек нарығымызға әсер етпейді", – деді ведомство өкілі.

Айта кету керек, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов көші-қон мәселелері жөніндегі кеңесте "ЕАЭО заңнамасына сәйкес ресейден келген азаматтарды уақытылы тіркеп, еңбекпен қамту мәселелерін қарастыру керек" екендігін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу