Ресейден келіп, құжатсыз тұрып жатқан қариялар бар

687

ІІМ-нің арнайы акциясы талай былықтың бетін ашып жатыр. 

Ресейден келіп, құжатсыз тұрып жатқан қариялар бар

Қазақстан билігі мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордағы қос азаматтығы бар адамдармен күреспек болып жатқанда екі елді тел еміп жүрген қариялар да бар болып шықты. Бұл туралы Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов айтты.

"Қостанай  облысында ер адам 30 жыл бойы құжатсыз тұрған. Оны біздің қызметкерлер анықтап, тиісті көмек берді. Екінші мысал, Қарағандыда 46 жастағы әйел мен ұлы ұзақ уақыт бойы  жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрып келген. Қазіргі таңда біздің қызметкерлер тиісті сұраухаттар жолдап, туған жері мен тұрғылықты орындарын анықтап жатыр. Үшінші мысал, Алматы облысыда көші-қон қызметінің өкілдері үш егде тұрғынға алғаш рет жеке басын куәландыратын құжат тапсырды.  Оның Ресей азаматы екенін анықтадық. Қазір оған ықтияр хат рәсімделді",  деді комитет өкілі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу