Ресейден кеткен шетелдік компаниялар қайта оралып жатыр

382

Kit Kat шоколадтары Пермдегі зауытта қайта өндіріле бастайды. 

Ресейден кеткен шетелдік компаниялар қайта оралып жатыр Фото: Тверские Ведомости

Швейцариялық Nestle компаниясы Nescafe кофе брендінің сауда белгілерін тіркеуге өтініш беруді қайта бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты федералды зияткерлік меншік қызметінің дерекқорына сілтеме жасап.

Бұл жағдайда Nescafe белгісінің бірнеше нұсқалары тіркеледі - "Nescafe Classic", "Nescafe Gold", "Nescafe Classic Cream".

Forbes мәліметтері бойынша, компанияның Ресейдегі кірісі 2023 жылдың қорытындысы бойынша 210 миллиард рубльді құрады.

Бұрын хабарланғандай, Nestle Пермь зауытында KitKat кәмпиттерін шығаруға қайта оралуды жоспарлап отыр. Жаңа KitKat аймақтық дүкендерде 2024 жылдың күзінде пайда болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу