Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің өтініші бойынша Ресейдегі елшілігіміз коронавирус тестін әзірлеуге қажетті 38 мың реагент жіберді. Бұл туралы елшіліктің ресми сайтында хабарланды.
"Дәрі-дәрмектер санитарлық қауіпсіздік ережелері мен тасымалдау ережелерін сақтай отырып, Қазақстанға автобуспен жеткізіледі. Бұл Қазақстанға елшіліктің көмегімен жіберілген реагенттердің үшінші партиясы",– деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу