Ресейден Қостанайға келген дала өрті сөндірілді

168

Түнде Ресей Федерациясы жағынан Қостанай облысы, Жітіқара ауданына 500 га көлемінде дала өрті таралды. 

Ресейден Қостанайға келген дала өрті сөндірілді Фото: newtimes.kz

Бүгін Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Сайранұлы Үкімет отырысында Қарағанды облысы мен Павлодар облысына тараған дала өртіне қарсы күрес жайында баяндама жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"6 қазанда Қарағанды облысы, Қарқаралыда ауданының аумағы мен Павлодар облысы Баянауыл ұлттық паркінің шекара аумағынан көшкен дала өрті тұтанды. Өртке жұмылдырылған күштер мен құралдарды үйлестіру мақсатында Министрліктің жедел штабы іске қосылды. Сондай-ақ Павлодар облысының Желтал ауылында далалық жедел штаб құрылып, өз жұмысын атқарып жатыр. Өртті сөндіру жұмыстарын вице-министр жүзеге асырады", – деді министр. 

Сонымен қатар Министрліктің күштері мен құралдарын дереу бағыттап, қосымша Абай, Ақмола мен Астана қалалары құрылымдарының күштер топтамасы оқиға орнында. Одан бөлек Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның әуе кемелері тартылды. 

"Павлодар облысы тарапынан Желтал ауылының 18 тұрғыны көрші ауылдың эвакуациялық пунктіне жеткізілді. Қазіргі уақытта Павлодар облысында дала өрті толықтай оқшауланып, біздің күштер бақылауында. Бүгін Қарағанды облысында да сондай нәтижеге жетеміз деген ойдамыз. Сонымен қатар түнде Ресей Федерациясы жағынан біздің Қостанай облысы, Жітіқара ауданына 500 га көлемінде дала өрті таралды, бірақ дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында оны тоқтата алдық", – деп түйіндеді Шыңғыс Сайранұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу