Ресейден құс етін әкелуге қойылған шектеу ішкі нарықта тапшылық туғызбайды

1017

Апта басында Ауыл шаруашылығы министрлігінің қаулысымен көрші елден тауық өнімдерін импорттауға уақытша шектеу қойылған болатын.

Ресейден құс етін әкелуге қойылған шектеу ішкі нарықта тапшылық туғызбайды

Ресейден жеткізілетін тауық өнімдеріне шектеудің қойылуы ішкі нарықта тапшылық туғызбайды. Қостанай облыстық Ауылшарушылығы басқармасы басшысының орынбасары Төлеутай Ержанов осылай деп Atameken Business арнасына эксклюзивті сұхбат берді.

Айтуынша, отандық құс фабрикалары республикалық сұранысты толық қамтуға қауқарлы. Бүгінде Қазақстанда 24 құс фабрикасы жұмыс істейді. Онда тәулігіне 800 тоннаға дейін өнім шағырылады.

Еске салсақ, апта басында Ауыл шаруашылығы министрлігінің қаулысымен көрші елден тауық өнімдерін импорттауға уақытша шектеу қойылған. Оған себеп – Челябі облысында құс тұмауының анықталуы. Қазір "РосСелхозНадзор" сынамалар алып, тексеру жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу