Ресейден Қытайға бағытталған газ құбырының құрылысы 2 жылдан кейін басталады

580

Ресей Президенті Владимир Путин Газпромға "Сила Сибири-2" жобасын 2020 жылдың көктемінде іске асыра беруді тапсырған болатын.

Ресейден Қытайға бағытталған газ құбырының құрылысы 2 жылдан кейін басталады

Монғолияның Премьер-Министрі Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ ел территориясы арқылы Ресейден Қытайға бағытталған "Сила Сибири-2" деп аталатын газ құбырының құрылысы қашан басталатанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Financial Times басылымына сілтеме жасап. Оның айтуынша, бұл процес екі жылдан кейін басталмақ.

"Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі аяқталды, құрылыс 2024 жылы басталады деп ойлаймыз", – деді Лувсаннамсрайн.

Сонымен қатар ол Моңғолия арқылы өтетін құбырдың бағыты қандай болатыны әлі де талқыланып жатқанын айтты. Моңғолия бұл газ транзиті үшін алатын төлемдер арқылы COVID-19 пандемиясынан ел экономикасына келген шығынды жойып, елдегі ахуалды реттей алады деген пікірде премьер-министр.

Еске сала кетсек, Ресей Президенті Владимир Путин Газпромға "Сила Сибири-2" жобасын 2020 жылдың көктемінде іске асыра беруді тапсырған болатын. 2021 жылдың қаңтарында компания басшысы Алексей Миллер газ құбыры бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары басталғанын айтқан еді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу