Ресейден Қытайға импортталатын мұнай көлемі артты

635

Бұған дейні Үндістан Ресейден сатып алынатын көмір мен мұнай көлемін күрт арттырды.

Ресейден Қытайға импортталатын мұнай көлемі артты

Ресейден Қытайға импортталатын шикі мұнай көлемі өткен жылмен салыстырғанда 55%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

2022 жылдың мамыр айында Ресейден Қытайға тасымалданған мұнай импортының жалпы көлемі 8,42 млн тонна болды. Яғни бір тәулікте шамамен 1,98 млн баррель жеткізілген. Бұл сәуірдегі көрсеткішпен салыстырғанда 25%-ға көп.

Осылайша, Ресей Қытайға мұнай экспорттаушы елдер арасында бірінші орынға ие болды. Бұған дейін, яғни алдыңғы бір жарым жыл бойы Сауд Арабиясы тізімде бірінші болған еді. 

Мамырдың аяғы мен маусымның басында Үндістан Ресейден сатып алынатын көмір мен мұнай көлемін күрт арттырғаны белгілі болды. Бұл динамика АҚШ пен Еуропалық одақтың Украинадағы жағдайға байланысты Ресейден жеткізілетін бұл шикізатқа эмбарго енгізуі аясында байқалып отыр.

Сарапшылардың пікірінше, Ресей оларды 30 пайыздық жеңілдікпен сатып отырған көрінеді.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу