Біздің елдің көрсеткіші Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен жоғары, Беларусь пен Армениядан төмен болды, деп хабарлайды inbusiness.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
ТОП-3 тізіміне Норвегия, Дания, Финляндия енді. Ал Оңтүстік Судан
ең нашар индекс иесі атанды. Айтпақшы Қазақстанның индексі 100-ден 72,66-ны құрады.
Әлем елдерінің әл-ауқат және әлеуметтік прогресс деңгейі мемлекеттердің түрлі жетістіктерін назарға алады. Алайда бұл өлшем экономикалық даму көрсеткішіне тәуелді емес.
Зерттеу барысында "Адамның негізгі қажеттілігі", "Әл-ауқат негізі", "Адамның мүмкіндігі" деген топтарға бөлінген 50-ден астам көрсеткіш ескеріледі. Оның ішінде адамның тамақтануы, медицина мен таза суға қолжетімділіг, жеке қауіпсіздігі, базалық біліммен қамтылуы, жеке құқығы сондай-ақ жеке басының бостандығы мен таңдау еркі сынды бағыттар бар.
Біздің ел алғашқы топтағы 100 ұпайдың 85,6 ұпайын еншіледі. Екінші топта
76,1 ұпай жинады, ал үшінші топта 56,2 ұпайға ие болды.
Қанат Махамбет