Ресейден тірі бұғыны алып келе жатқан Қазақстан азамат ұсталды

918

Ресейден тірі бұғыны алып келе жатқан Қазақстан азамат ұсталды

8 қараша күні Орынбор облысы бойынша Россельхознадзор басқармасы орыс-қазақ шекарасында "Сагарчин-автодорожный" бақылау-өткізу бекетінде "Газель" автокөлігімен Самарадан Ақтөбеге тірі бұғыны алып өтпек болған қазақстандықты тоқтатты. Бұл туралы "Терра" телерадиокомпаниясының дерегіне сүйеніп, "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.

 Жануарға Кедендік одақтың ветеринариялық сертификаты болған жоқ. Ер адамның айтуынша, ол бұғыны самаралық байланыс зообағынан сатып алған.  Көрсетілген ветеринариялық құжат пен анықтамаға сәйкес, бұғы Самараға Ханты Мансийск автономды өлкесінен әкелінген. Ямал-Ненецк автономдық өлкесі түйнеме ауруына байланысты төтенше жағдай туындағандықтан, РФ барша аумағынан Қазақстан Республикасына тірі бұғылар алып өтуге уақытша шектеулер қойылған. Тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал бұғы Самара облыстық ветеринария департаментіне тапсырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу